Мұқағали Мақатаев (Қап-қара ғажап сиқырлы)
Қап-қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап-қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін.
Жарыңның шашы қап-қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем, қарашы.
Ақ пенен қара алмасып,
Алмасып тұрса әрдайым.
Ақ түске ғана жармасып,
Қараны неге алмайын.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпандар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қап-қара ғажап сиқырлы өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қап-қара ғажап сиқырлы