Мұқағали Мақатаев (Қызыма)
Қарағым!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады,
Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің,Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!
Мен тағы үйлену тойыңа барамын.
Мен бүгін тағы да
Өзіңнен адасып қаламын, Қарағым!
Шараптың уы ұрып қаныма,
Отырам
Бейтаныс біреудің жанына.
Көкешім, налыма,
Мен сені ұзатам тағы да.
Тұман боп жанары,
Әкең де, шешең де қалады.
Достарың күңіреніп,
Еңліктің әніне салады,
Әкең де қалады,
Шешең де қалады,
Баласын,
Баласы әкетіп барады.
Көкешім!
Мұңайып не етесің?!
Сен бүгін тағы да
Ұшасың, кетесің,Көкешім!
Әкеңнен әкеңе жетесің,
Мұңайма, Көкешім!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қызыма өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қызыма