Мұқағали Мақатаев (Қыздарға)
Қыздарды көрсем, бір түрлі
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне күзетіп
Өзімнен-өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау,қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
He болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе
He болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне күзетіп
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мұқағали мақатаев Қыздарға өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Қыздарға