Абай Құнанбаев (Не іздейсің көңілім не іздейсің?)
Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт.
Абұйыр, атақ сол жанда —
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Көп Тәңірі атқан мақтай ма,
Ол Тәңірі атқан болмаса?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?
Мақтау — жел сөз жанға қас,
Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса, боқтамас
Ел табылса, құмарлан.
Жұрттың бәрі сөз сатқан,
Сатып алып не керек?
Екі сөзді Тәңірі атқан —
Шыр айналған дөңгелек.
Сатып алма, сөз сатса,
Ол асылды аңдамас.
Біләткенің байы — ақша,
Ер жақсысын таңдамас.
Мен мақтанның құлы емес,
Шын ақылға зорлық жоқ.
Антұрған көп пұл емес,
Өлім барда қорлық жоқ.
Өмір, дүние дегенің
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің,
Ойлай берсең, у екен
Босқа әуре қылмай, шыныңды айт.
Шарқ ұрып, тыныштық бермейсің,
Сырласалық, бермен қайт.
Абұйыр, атақ сол жанда —
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда,
Көп мақтауын таппаса?
Көп Тәңірі атқан мақтай ма,
Ол Тәңірі атқан болмаса?
Жоқты-барды шатпай ма,
Көптің өзі оңбаса?
Мақтау — жел сөз жанға қас,
Қошеметшіл шығарған.
Бір мақтаса, боқтамас
Ел табылса, құмарлан.
Жұрттың бәрі сөз сатқан,
Сатып алып не керек?
Екі сөзді Тәңірі атқан —
Шыр айналған дөңгелек.
Сатып алма, сөз сатса,
Ол асылды аңдамас.
Біләткенің байы — ақша,
Ер жақсысын таңдамас.
Мен мақтанның құлы емес,
Шын ақылға зорлық жоқ.
Антұрған көп пұл емес,
Өлім барда қорлық жоқ.
Өмір, дүние дегенің
Ағып жатқан су екен.
Жақсы-жаман көргенің,
Ойлай берсең, у екен
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: абай құнанбаев Не іздейсің көңілім не іздейсің? өлең олен абай кунанбаев, казакша олен абай кунанбаев, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері, Не іздейсің көңілім не іздейсің?