Фариза Оңғарсынова (Ағалар)
Ағалар асқар тауым ғой асқақтап тұрған көк тіреп,
Жабықтырғанда дауылды ой, маңдайымнан менің өпті кеп.
Ағалар барда демеген – бәрінен биік шоқтығым,
еркелеп өстім неге мен,әкенің сезбей жоқтығын?
Жолаушы кетсе, тұнжырап, апамнан сұрай беріппін,
алдынан шықтым құлдырап, лағындай боп еліктің.
Білінбей жоқтық, кем-кетік,елдей ем өзім рулы.
“Беремін,- дейтін,- жеңге етіпсаған ұнаған сұлуды” кетіпті тулап күндерім,
сусын ғып әлі жүр жаным мейірімнің сонау күн демін.
Бар екен Жерде тамыздар,қабақтар шашқан қар-ызғар,
өтелмей жүрген парыздар, берілмей жүрген қарыздар.
Тосар да қайғы кемірген,солқылдар нәзік денем де,
ұмтылам бірақ сеніммен ағалар барда мен өрге.
Ағалар барда нұры айбын, шыдаймын құздай сындарға,
Сынбаймын, өзім Күн, Аймын,аспаным болып шығанда –
ағаларым аман тұрғанда!

Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова олендери казакша, фариза оңғарсынова ағалар өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском