Фариза Оңғарсынова (Анама)

Кеудеңде мені тербеттің,
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”,
сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей, анашым!
жас шыбық енді көктеді.
Мінеки мен де ер жеттім,
еңбегің бекер кетпеді.
Өмірде мынау ең жақын,
аяулым сенсің, анашым!
Болмаса мейлі зор даңқың,
мен үшін бірақ данасың.
Мейірім төккен нұр жүзің
тұрғандай сезем жанымда.
“Адал бол, - деуші ең, - жұлдызым”,
сақталды сөзің жадымда.
“Игі еңбек түбі осы-ау” дер
көргендер жеміс ағашын.
Қартаймай, мәңгі жасай бер
мәңгілік Күндей, анашым!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: анама фариза, фариза оңғарсынова өлеңдері ана туралы, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова олендери казакша, фариза оңғарсынова анама өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском