Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бәрінен де не сұлу)

 Әліпов Айтбек Рымбекұлы (Бәрінен де не сұлу)

Қолға қолы жақындап,
Сезім оты жарқырап.
Білгенінен жаңылып,
Іштен ұғып түсінген.
Ғашық қылған,
Бір біріне асық қылған,
Әр күніне шаттық қылған,
Кездер-ай, кездер-ай.
Таң атқанда қимастықпен қоштасып,
Кешке дейін кездесуге асық болған,
Ғашық болған көздер-ай,
Сезімге толы сөздер-ай.
Бәрінен де не сұлу,
Ғашық болған,
Кездесуге асық болған,
Күн сұлу, күн сұлу.
Бәрінен де не сұлу,
Бозарып атқан таң сұлу.
Махаббаттың сезіміне,
Куә болған түн сұлу.
Бәрінен де не сұлу,
Үнсіз өткен,
Ләззаты мол,
Түн сұлу, түн сұлу.
Жүрекке дейің жүрекпен,
Жақындасаң сол сұлу,
Талдай нәзік белінен,
Құшақтасаң сол сұлу.
Қос анардан сүйгізіп,
Тұла бойды балқытып,
Ес түсінен айырып,
Талықсытсаң сол сұлу.
Бәрінен де не сұлу,
Жүрекке жүрек жақындап,
Ыстық демі тарылып,
Жан ләззатын сезініп ухлесе сол сұлу.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Галия
    Оқырман Галия 30.03.2022 14:32
    0 + 0 -
    Кай олен болмаса да магыналары терен, шын махаббатты басынан кешipiп, суйiп куймеген Адам мынадай жыр жаза алмайды. Айтбек бакыттысын!