Шәкәрім Құдайбердіұлы (Құмарлық)
Құмарлық деген бiр ит бар,
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Бай баласын көп көрдiм,
Кедейлiктi жек көрдiм.
Сауық көрсем, құмар боп,
Мен де сүйтем деп көрдiм.
Мылтық атты, құс салды,
Домбыра, гармонь қолға алды.
Ауыл кезiп, ән салды,
Көрген адам таң қалды.
Дойбы, қарта – бәрi бар,
Жүз құбылған әнi бар.
Киiм бiткен қынаулы,
Таңырқарлық сәнi бар.
Мен де осындай болам ба,
Бола алмасам оңам ба?
Бар малымды шашсам да,
Жетпей қойсам соған ба!
Арпалыстым, алыстым,
Жағаластым, жарыстым.
Дәл өзiндей болған соң,
Озамын деп қарыстым.
Жеттiм, оздым – жер бiлдi,
Маңайдағы ел бiлдi.
«Бәрекелдi, батыр»,– деп,
Қыз-бозбала сол күлдi.
Мақтағанға бу ала,
Селкiлдедiм дуана.
Баяны жоқ, пайдасыз
Бiр сағымды қуала.
Әлi келем далақтап,
Қызыл тiлiм салақтап.
Менен озған кiм бар деп,
Алдыңғы жаққа алақтап,
Қара көрсем, кетемiн,
Жетуге талап етемiн.
Пайдасында iсiм жоқ,
Не де болса жетемiн.
Заман өттi, жас өттi,
Қайрат, өнер бос кеттi.
Абұйыр жоқ, сана жоқ,
Өз басыңа не жеттi?
Естiгендi ұға бер,
Ыдысың болса – тыға бер.
Пайдасыз болса құмарың,
Сiлкiнiп тастап шыға бер.
Жаныңа жау шын ит бар.
Алды-артыңа қаратпас,
Рахымы жоқ тым ит бар.
Бай баласын көп көрдiм,
Кедейлiктi жек көрдiм.
Сауық көрсем, құмар боп,
Мен де сүйтем деп көрдiм.
Мылтық атты, құс салды,
Домбыра, гармонь қолға алды.
Ауыл кезiп, ән салды,
Көрген адам таң қалды.
Дойбы, қарта – бәрi бар,
Жүз құбылған әнi бар.
Киiм бiткен қынаулы,
Таңырқарлық сәнi бар.
Мен де осындай болам ба,
Бола алмасам оңам ба?
Бар малымды шашсам да,
Жетпей қойсам соған ба!
Арпалыстым, алыстым,
Жағаластым, жарыстым.
Дәл өзiндей болған соң,
Озамын деп қарыстым.
Жеттiм, оздым – жер бiлдi,
Маңайдағы ел бiлдi.
«Бәрекелдi, батыр»,– деп,
Қыз-бозбала сол күлдi.
Мақтағанға бу ала,
Селкiлдедiм дуана.
Баяны жоқ, пайдасыз
Бiр сағымды қуала.
Әлi келем далақтап,
Қызыл тiлiм салақтап.
Менен озған кiм бар деп,
Алдыңғы жаққа алақтап,
Қара көрсем, кетемiн,
Жетуге талап етемiн.
Пайдасында iсiм жоқ,
Не де болса жетемiн.
Заман өттi, жас өттi,
Қайрат, өнер бос кеттi.
Абұйыр жоқ, сана жоқ,
Өз басыңа не жеттi?
Естiгендi ұға бер,
Ыдысың болса – тыға бер.
Пайдасыз болса құмарың,
Сiлкiнiп тастап шыға бер.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі Құмарлық, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева