Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қазақ)
Жер жүзі жабылғанда ғылым жаққа,
Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.
«Анау – қу, мынау – пысық, мен – батыр» – деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.
Ойда жоқ: «Өнер біліп, жол табайын»,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын.
Өтірікпен өткізіп күн мен айын,
Демейді «жамандықтан жалығайын».
«Анау – шыным, мынауым – сырым ғой» –деп,
Сонша жақсы біледі алдау жайын.
Жаз жалымен жібермей жалғыз тайын,
Тыныштықпен ішкізбей тақта шайын,
Ұрысы ұрлап, қуы алдап, сұмы елертіп,
Құрытады үш жақтап тамам байын.
Байдың да ойлағаны – «ел алайын»,
Білмейді, қу шағып жүр өз бақайын,
Көзі аспанда, көңілі мақтанда боп,
Тауысқанын сезбейді ішкі майын.
Демейді «ғылым біліп жанданайын»,
Мақсұты – «мақтан іздеп паңданайын».
Қанша ұқтырып айтсаң да – қалыбында,
Ойда жоқ – «жігерленіп, қамданайын».
Мінеки, естісеңіз елдің жайын,
К...інен кейін кетті басқан сайын.
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым,
Көп айтып, а, дариға, не қылайын!
Қазақ жүр құмарланып құр шатаққа.
«Анау – қу, мынау – пысық, мен – батыр» – деп,
Айналды бірін-бірі құрытпаққа.
Ойда жоқ: «Өнер біліп, жол табайын»,
Жалмауға жалықпайды өз маңайын.
Мұның түбі не болар деген жан жоқ,
Ұрлық, ұрыс, араздық күнде дайын.
Өтірікпен өткізіп күн мен айын,
Демейді «жамандықтан жалығайын».
«Анау – шыным, мынауым – сырым ғой» –деп,
Сонша жақсы біледі алдау жайын.
Жаз жалымен жібермей жалғыз тайын,
Тыныштықпен ішкізбей тақта шайын,
Ұрысы ұрлап, қуы алдап, сұмы елертіп,
Құрытады үш жақтап тамам байын.
Байдың да ойлағаны – «ел алайын»,
Білмейді, қу шағып жүр өз бақайын,
Көзі аспанда, көңілі мақтанда боп,
Тауысқанын сезбейді ішкі майын.
Демейді «ғылым біліп жанданайын»,
Мақсұты – «мақтан іздеп паңданайын».
Қанша ұқтырып айтсаң да – қалыбында,
Ойда жоқ – «жігерленіп, қамданайын».
Мінеки, естісеңіз елдің жайын,
К...інен кейін кетті басқан сайын.
Қайран елім, қазағым, қайран жұртым,
Көп айтып, а, дариға, не қылайын!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі Қазақ, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева