Өскемен қаласы

 Өскемен қаласы

Жүрсін Ерман - Өскемен

Қалдырып кетпесем де ештеңемді
Қимайды көңіл неге Өскеменді?
Былдырлап тілі шыққан балам құсап
Шықпайтын болып алды естен енді.

Қол созып махаббаттың жүлдесіне
Шомылсам шолпылдатып Үлбесіне
Өскемен келіншек боп көрінеді
Оранған үлдесі мен бүлдесіне.

Жұлдыздай зерлі аспаннан үзіп алған
Түнгі оттар шыға келсе жүзіп алдан
Көңілдің айдынында ағараңдап
Қаяудай құс жолының ізі қалған.

Қияқтай ай боп көкте тұрса қылыш,
Кетеді жүрек жібіп, жұмсарып іш.
Дүбірлеп түркі атының тұяқтары,
Сібірлеп оянады бір сағыныш.

Күн нұры тозаңдатып гүлдер шаңын
Көшкендей көз алдымда гүлдер сағым.
Санамды сілкілейді сақ кезімде
Сары алтын сауыт киіп жүрген шағым.

Сайы жоқ саясында гүл өспеген,
Самалы сыбырлайды бір ескі өлең.
Киесін Алтай-әжем құрмет тұтқан
Бабамның бөркі шығар бұл Өскемен.

Жеңіспен жалғансын деп жортуылдар
Еңістен ереуілдер еркін ұлдар.
Ішінде қарағайдың қаптап жүрген
Қайдасың, Қаратайлар, Төртуылдар?

Тарихын тергесеңдер Өскеменнің
Жұрты бұл жөңкіп бұлттай көшкен елдің.
Алтайым – ақ бесігі
Ата қазақ
Кіндігін қылышпенен кескен ердің.

Тағдырын кешкен сол ұл Көрғұлының,
Тәңірім, енді ұзартып бер ғұмырын.
Шығыстың шаңырағы жүрген сынды
Шайқалып шүйдесінде Кербұғының.

Рахман суыңда да ырыс қайнап,
Майлайсың мұртыңды енді, мырышты аймақ.
Түбінде қазаныңның тұрсын қаспақ
Қыр асып, қиыр шетке жылыспай бақ.

Бір тылсым бар секілді шипаңда да,
Көзімді кіреукелеп ұйқы, алдама.
Есімді есеңгіреп жиып тұрмын,
Тауып бер тарихымды, титан қала!


Нұрқанат Кәкішев - Өскемен

Маған сондай ұнадың, әсем қала Өскемен,
Кешегіңе қарасам, мұраларың өшпеген.
Бүгініңе қарасам, болашағың өскелең,
Бар тілегім өзіңе: өркендей бер, өс дер ем!

Күнің қандай тамаша, армансыз бір шарладым,
Түнің неткен әдемі, жарқырып тұр шамдарың.
Батаңды бер, Өскемен, қырдан келген ақынға,
Ата берсін арайлап, аппақ нұрлы таңдарың.

Шығысымның шырайлы орталығы Өскемен,
Сені көрсем, құдай-ау, салтанатты көш көрем.
Тәуелсіздік дем беріп, дами бергей күн санап,
Жыр арнаған өзіңе, ақсуаттық Нұрқанат!


Өскемен - өскен елім

Шуақ шашып рауандап күн күлімдей,
Түрілгенде мақпал түн түндігіндей.
Өскеменім таң сипап ақ маңдайын,
Көрінеді шығыстың кіндігіндей.

Өскеменім –жәннәттің мәңгі бағы,
Асау толқын Ертістен жарды ұрады.
Құшағында үлбіреп Үлбі сұлу,
Еркелейді тербеліп бал құрағы.

Өскеменім – сыр тұнған мәңгі дастан,
Өскен жерім - ән жырым сен таңға ұласқан.
Өр Қабанбай бабамның айбарындай,
Асқақтай бер Алаштың байрағындай, байрағындай.

Өскеменім – арманның асқарысың,
Өскен елім, басыңа бақ дарысын.
Ажарланған шығыстың жауһар тәжі,
Алтын алқа Алтайдың, шашбауысың.

Сезімім арнасынан барады асып,
Таң нұрындай шығыстан алау шашып.
Өскеменім, қала бер биігімде,
Бұлттарменен бұрымың араласып.
cөзі: Серік Бақтыбаев әні: Қайратбек Сүлейменов


Рүстем Есдәулетов - Өскеменім

Қашан сенен қазақы от көремін
Шаршадым сұрағыма жауап іздеп
Болмашыға ұлымас көкбөрі едім
Өскеменім

Түсінші мұны қалай қош көремін
Кең көшеңнен қазақы сая таппай
Ертіске ағып барады көксегенім.
Өскеменім

Мәңгүрттікті мен рас жек көремін
Қып-қызыл даңғылдармен кетіп барам...
Мәнісін білмейтіндей ештеменің.
Өскеменім

Алатаудан Алтайға көшті өлеңім
Намысым жыр соққанда жүрегімде
Әлсіздікке мен қалай дес беремін
Өскеменім

Алтайдың бауырында өскен елім
Бұл өңір жүрегі бар түркілердің
Ал жүрегің сыздап шықса не істер едің...

----------

Бар жүрекке жылу шашып өлеңім
Өскеменнің қақ төрінен театр ашса деп едім
Қаламыздың ортасынан қазақтың
Сахнасын түсімде көп көремін

Иә, түсімде сұлу әсем ғимарат
Сарайында қарагөздер жиналат
Фойесінде Оралханның мүсіні
Спектакль көретіндей тұр қарап.

Түс жориық жақсылыққа – бұл ақыл
Ал өңімде әлгі үйдегі бұзақы ұл
Әлдененені құрастырып кубикпен
Әке саған салдым, дейді ТЕАТР.


Серік Ғабдуллин - Өскеменнің көктемі

Өскемен көктеп келеді,
Асқар Алтай шашудай
Ақ жауынын төгеді.
Қайың желек жамылып,
Терек алқа тағынып,
құлпырады жасылдай
Тірлігінің табылған соң керегі.

Өскеменнің келбеті
Жасанған қыз, келіннің
сымбатынан аумайды.
Атқан таңның нұрындай,
Құлдыраған құлындай,
Асау Ертіс арқырап,
Толқындары аунайды.

Өскеменнің аспаны
Бірде бұлтты, бірде ашық.
Бозторғайдың жыршы үні,
Ақ қайыңның бүршігі
Жасыл бақтың ішінде,
Жарасымды пішінде
Менімен тұр сырласып.

Өскеменнің көшесі
Толған думан-күлкіге,
Шаттық асып шарадан,
Көңіл біткен салады ән,
қуаныштың қаймағындай кілкіме.
Мен армансыз болайын,
Арнама бір толайын,
Жүрегіме жалғыз рет жыр түне...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: оскемен өскемен туралы олен стихи өлең казакша, оскемен өскемен каласы туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему оскемен өскемен на казахском языке скачать, оскемен өскемен қаласы туралы олен стихи өлең, олен стихи өлең казакша, казакша, олен стихи өлең, оскемен өскемен каласы, олен стихи өлең олен стихи өлең на тему оскемен өскемен, оскемен өскемен туралы олен стихи өлең, Қазақша олен стихи өлең: оскемен өскемен туралы казакша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про оскемен өскемен город, оскемен өскемен туралы казакша олен стихи өлең қазақша олен стихи өлең, олен стихи өлең на казахском языке про город оскемен өскемен, на казахском языке скачать, скачать, на тему оскемен өскемен, оскемен өскемен туралы, қазақстан қалалары туралы олен стихи өлең, казакстан калалары туралы олен стихи өлең казакша, олен стихи өлең на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, олен стихи өлең на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, олен стихи өлең на тему казакстан калалары, города казахстана олен стихи өлең на казахском скачать, оскемен өскемен қаласы туралы өлеңдер, oskemen өskemen turaly olen stihi өleң kazaksha, oskemen өskemen kalasy turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu oskemen өskemen na kazahskom yazyke skachat, oskemen өskemen қalasy turaly olen stihi өleң, olen stihi өleң kazaksha, kazaksha, olen stihi өleң, oskemen өskemen kalasy, olen stihi өleң olen stihi өleң na temu oskemen өskemen, oskemen өskemen turaly olen stihi өleң, Қazaқsha olen stihi өleң: oskemen өskemen turaly kazaksha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro oskemen өskemen gorod, oskemen өskemen turaly kazaksha olen stihi өleң қazaқsha olen stihi өleң, olen stihi өleң na kazahskom yazyke pro gorod oskemen өskemen, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu oskemen өskemen, oskemen өskemen turaly, қazaқstan қalalary turaly olen stihi өleң, kazakstan kalalary turaly olen stihi өleң kazaksha, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, olen stihi өleң na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, olen stihi өleң na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana olen stihi өleң na kazahskom skachat, oskemen өskemen қalasy turaly өleңder, өскемен туралы өлеңдер, өскемен, оскемен