Бұқар жырау (Әлемді түгел көрсе де)

Әлемді түгел көрсе де
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жүлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат!
Ілімді түгел білсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де –
Өмірге тоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін қоймас адамзат!
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жүлдыз аралап,
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат!
Ілімді түгел білсе де,
Қызығын қолмен бөлсе де,
Қызықты күні қырындап,
Қисынсыз күйге түссе де –
Өмірге тоймас адамзат!
Жақындап ажал тұрса да,
Жанына қылыш ұрса да,
Қалжырап, көңілі қарайып,
Қарауытып көзі тұрса да –
Үмітін қоймас адамзат!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: бұқар жырау өлеңі Әлемді түгел көрсе де...., бұқар жырау өлеңі, бұқар жырау өлеңдері, бухар жырау стихи на казахском языке, стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау стихи, бухар жырау стихи на казахском, бұқар жырау Әлемді түгел көрсе де өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бухар жырау олендери казакша, Әлемді түгел көрсе де