Құс

 Құс

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр,бара жатыр құс қайтып.
Зымырайды менің бала кезімдей,
Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей.
Құстар, құстар сызылтып ән салады,
Сол әнімен тербетеді даланы.
Ал, адамдар күліп бастап өмірін,
Кетерінде жылай да алмай,жылай да алмай қалады.
Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе,
Тамаша әнмен келіп еді көктемде.
Өскен жерге сыймай кетіп барады,
Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады.
Автор: Тұманбай Молдағалиев

Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып келеді Алматыма.
Ән толды аспанға,
Құс қонды жас талға.
Бақыт кеп қол алғандай.
Құстарды мен тостым,
Айғайлап ән қостым,
Арманым оралғандай.
Қайырмасы:
Қуандым жарқылдап,
Мәз болдым ән тыңдап,
Құшақтап арманымды.
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды,
Ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым,
Оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Қайырмасы:
Сағыныш сәлемі –
Құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.
Келеді аспанда құстар қайтып,
Сағыныш арманын ән ғып айтып.
Алатау қабылда,
Орашы соғымға,
Бақыт деп маған келген.
Саған кеп қонатын,
Сипашы қанатын,
Көктемгі майда желмен.
Қайырмасы:
Көліне ойнасын,
Бақытын тойласын,
Келді ғой туған жерге.
Автор: Тұманбай Молдағалиев

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру