Төлеген Айбергенов (Ұқсаған көктегі ай асқан шамға)

 Төлеген Айбергенов (Ұқсаған көктегі ай асқан шамға)

Ұқсаған көктегі ай асқан шамға -
Аспанға бейне шоқтан басқан таңба.
«Жұлдыздан жез шегедей жымыңдаған»
Шашылған ақ шекердей дастарқанға.
Көк әуе - көзі қыздың москвалық,
Бұлт жатыр биік таудан жастық алып.
Қаңтардың қалшылдаған қатты аязы
Барады тәнді үсітіп, тасты қарып.
Суықтан дала жатыр тымауратқан,
Мұртына теректердің қырау қатқан.
Айналып қуғыншы жел жүгіріп жүр,
Әупілдеп үрген иттей құр аулақтан.
Аяздан алма жүзі арайланып,
Жүр өне, күзетші шал қора айналып.
Дәл қазір нені ойлап түр екен ол,
Телміріп бір нүктеге қарай қалып?..

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру