file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Өмір кино

 Өмір кино

Өмірім кино..
Рөлім бар меніңде...
Сомдалмаған жаңа рөл берілуде..
Жазылыпты тағдыр деген сценарий..
Мүмкүндік бар артист болып көруге...

Бір эпизод өзгертті өмірімді..
Мұңды фильм құбылтып көңілімді..
Махаббатпен қызықты сол бір жылдар..
Өзгерттің түбегейлі өмірімді...

Біздің фильм махаббат бекетіме..
Сюжетіміз тым ұқсас көрінуде..
Екеумізге тән шығар ойнап көру..
Оралменен Гүлнәзімның рөлінде..

Әлде басқа түсүніксіз сценарий..
Эпизодтар мүлде басқа бірақта..
Ендеше сен менің Баян сұлуым..
Қозысынан алыс жүрген жырақта..

Бір өзен екі жаға бөліп тұрған..
Ғашықтар бірі-бірін сүйіп тұрған..
Бұл рөлдер бізге қалқам ауыр шығар..
Қосылмай бұл екеуі өліп тынған...

Мүмкін біздер Қыз-жібек пен Төлеген..
Бұл фильмге құштар екен көрермен..
Мен сенің Төлегенің болайында..
Бекежанның жебесінен өлмеген..

Әлде мен Раймалымын, сен Бегім-ай..
Қартайғанда қалқатайым келдің-ай..
Раймалы аға мен сізді сүйемін деп..
Бегім-айым маған солай келгің-ай..

Осылайша сомдадық түрлі рөлді..
Бір фильмде қалайық тұрақталып..
Біздер түскен фильмді кім көреді..
Ескісі тұр сөреде жинақталып..

Дархан Муратов

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу