Жамбыл Жабаев (Шалтабайға)
Салқын келіп тоң-торыс,
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен баска жоқ болыс,
Деп өзіңді санайсың.
Шарға түсер шағыңда
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малың да,
Ақжем болып шабылдың.
Елге сөзің жеткенше,
«Жамағат!» деп жалындың.
Қол билікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың.
Сан рет кеп, алдыңда
Сағым сынып сарылдым.
Сазаратын Жамбылға -
Саған сонша не қылдым?!
Бақсы басы қаңғырар,
Бабын таппай тамырдың.
Жанды есінен тандырар,
Қиынын-ай бабыңның!
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен баска жоқ болыс,
Деп өзіңді санайсың.
Шарға түсер шағыңда
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малың да,
Ақжем болып шабылдың.
Елге сөзің жеткенше,
«Жамағат!» деп жалындың.
Қол билікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың.
Сан рет кеп, алдыңда
Сағым сынып сарылдым.
Сазаратын Жамбылға -
Саған сонша не қылдым?!
Бақсы басы қаңғырар,
Бабын таппай тамырдың.
Жанды есінен тандырар,
Қиынын-ай бабыңның!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев Шалтабайға өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы