Жамбыл Жабаев (Бата)
«Әумиін» деп қолынды жай,
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінтені болсын жорға тай,
Ертең ерте біреуі
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
«Жақсы лепес - жарты ырыс»,
Ескіден қалған мақал-ды.
Соза беріп қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінтені болсын жорға тай,
Ертең ерте біреуі
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
«Жақсы лепес - жарты ырыс»,
Ескіден қалған мақал-ды.
Соза беріп қайтейін,
Бата аяғы тақалды.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жамбыл жабаев бата өлеңі, жамбыл жабаев все стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев стихи на казахском, жамбыл жабаев стихи на казахском языке, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев өлеңдер жинағы