Жаңа жыл

 Жаңа жыл

Қуаныштан гөрі мұңды ой басым,
Безендіріп шыршаларын қоймасын.
Бір ай бұрын жаңа жылды тойламай,
Тәуелсіздік құрбандарын ойласын.

Шыршалардың жарықтарын жақпасын,
Қымбат-қымбат ойыншықтар тақпасын.
Ұмыт қылмай желтоқсанды жас ұрпақ,
Мәңгі бақи естерінде сақтасын.

Тәуелсіздік мерекесін ысырып,
Жаңа жылға төрді берді ұсынып.
Бұл желтоқсан мереке емес негізі,
Дұрыс көзбен қарай білсең түсініп.

Жүрегімде жатыр мұңның тұз дәмі,
Тоңдырады желтоқсанның ызғары.
Аналардың құшағына сол күні,
Оралмады ұлдарымен қыздары.

Жазықсыздан қанша жанды қаматты,
Жазықсыздан көл боп қанша қан ақты.
Ерлігінің арқасында солардың,
Бүгін бізге тәуелсіз боп таң атты.

Сапарбаев Тұрғанбек

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу