file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мұқағали Мақатаев (Біреулерді мерт қылып аламын деп)

 Мұқағали Мақатаев (Біреулерді мерт қылып аламын деп)

Біреулерді мерт қылып аламын деп,
Ашуыма ауыздық саламын кеп.
Тентек інім бетіме тік қараса,
Жасқанамын жандай-ақ залалым көп.
Бағамын деп әркімнің қас-қабағын,
Балам қабақ шытса да жасқанамын.
Сәлемімді біреулер алмай кетсе,
Екі иығым салбырап, пәс қаламын.
Досым өтсе алдымнан қырын қарап,
Боз торғайым кеудемде шырылдамақ.
Естігісі келмейді бәтшағардың,
Қорғасынмен құлағын тығындап ап.
Қайсыбіреу қарайды айдаһарша,
Тұрпайы әзіл, түрпі сөз - қайда барсам.
Қайтер еді, Ожардың шарығына,
Ашуымды қайтадан қайрап алсам?
Алшаң басып, асфальтпен адымдасам,
Адам жүрер мекеннен табылмасам,
Қайтер еді?
Мейірі түскен жанды,
Мекерсініп, менсінбей қабылдасам!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру