Мұқағали Мақатаев (Аңғал досым-ай)

 Мұқағали Мақатаев (Аңғал досым-ай)

Аңғал досым-ай,
He дейін саған, не дейін.
Көрінеді ішің,
Ашылса болды көмейің,
Жақсы да сені демейін,
Жаман да сені демейін,
Қасымда жүрші әрқашан сені көрейін.
Адамға деген жақсылығың да шамалы,
(Жаманнан гөрі жоғары.)
Кейітіп жанды,
Кей-кейде сенің түсіңнен,
Сұп-суық, сұмдық үскірік аяз соғады.
Кей-кейде мына өтірік күлген көзіңнен,
Сұмдық бір жаттық сезінем.
Безінем онда өзіңнен,
Өзіңе дегенДостығымнан да безінем!
Мінез-құлқыңды түрлентпей
Болсаңшы, досым,
Өмірде мына бір беткей.
Жақсылығың жүр,
Жаманнан гөрі жоғары.
Жамандығың да, жанымнан менің жүр кетпей.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру