Мұқағали Мақатаев (Алпысқа келдіңіздер)

 Мұқағали Мақатаев (Алпысқа келдіңіздер)

Бәрін де көрдіңіздер,
Бәріне көндіңіздер,
Бәріне сендіңіздер,
Бәрін ңе бердіңіздер,
Сіздер алпысқа келдіңіздер.
Менің де әкем келер еді алпысқа,
Амал нешік, жоқ боп кетті тартыста.
Амал нешік, селдір сақал қарт ұста,
Ауылында жүрер еді балта ұстап.
Соғыс, соғыс... Соғыс жауы жер-көктің,
Соны біліп, соғысқа жол бермек кім?!
Егер сонау қанды майдан болмаса,
Жүрер еді топай көгі еңбектің.
Жақсы күннің рақатын сезіп тек,
Немеремен сауық құрып, кезіп кеп,
Қайран қартым отыратын еді ғой,
Өлеңімді оқи алмай ежіктеп.
Мен егінсіз қалдырғым жоқ даламды,
Мен көмусіз қалдырғым жоқ Анамды,
Мен әкесіз қалдырғым жоқ баламды,
Ешқашан да өлтіргім жоқ адамды.
Алпысқа келдіңіздер,
Бәрін де көрдіңіздер.
Бәріне сендіңіздер,
Бәрін де бердіңіздер.
Алпысқа келсек екен енді біздер..

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру