Жүсіпбек Аймауытов (Шөптегі шық)

 Жүсіпбек Аймауытов (Шөптегі шық)

Жаздың жалтыр таңында тоғайға барсаң, шөп арасында сансыз меруерт көресің, сол меруерттер күннің көзіне жылт-жылт етіп, біресе қызыл, біресе сары, біресе көк болып құлпырады. Құлпырып тұрған немене деп жақындап қарасаң, үшкіл жапырақтар үстінде жылтылдап тұрған шық тамшылары боп шығады.
Сол жапырақтардың астары бейне бір түкті барқыт. Бетінде тамшылар домаласа да жапыраққа су жұқпайды. Жапырақты аңғырттана жұлып алсаң, жылтылдақ тамшылар моншақтай домалап, сабағының құлап түсіп кеткенін көрмей қаласың. Сондай бір топ жапырақты ақырын үзіп алып, аузыңа ептеп апарып, шықтарын сорып қойсаң, қай сусыннан болса да тәтті болушы еді!

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру