Мағжан Жұмабаев (Жазғы таң)
![Мағжан Жұмабаев (Жазғы таң)](https://www.zharar.com/uploads/magzhan.png)
Жып-жылы түн маужырап,
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл -
Өсіп балам ер жетіп.
Шырылдап торғай аспанда,
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып,-
Таң алдында жалбарып,
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып.
Көтеріп зұлмат қанатты,
Жер де кетті жаңарып.
Таң, Күн деген - жер жаны,
Бұл екеуінсіз жоқ сәні.
Оқу-білім - ер жаны,
Жараспас ерге құр жаны.
Көтерілген жерден бу.
Саф күмістей жалтырап
Тыныш жатқан тұнық су.
Көкке тиген биік тау
Құшақтасқан тұманмен,
Қосылысып есен-сау,
Бал алысқан құмармен.
Ақырын ескен жылы жел
Маужыратып, тербетіп,
Таң атсын деп жайнап гүл -
Өсіп балам ер жетіп.
Шырылдап торғай аспанда,
Бытпылдығы ән қосып,
Шала-жансар жатқанда
Табиғатқа жан қосып,-
Таң алдында жалбарып,
Тәңіріге құлдық қылғаны,
Ісіне оның таңданып,
Көңілі хаққа сынғаны.
Міне, алтын таң атты
Күншығыстан ағарып.
Көтеріп зұлмат қанатты,
Жер де кетті жаңарып.
Таң, Күн деген - жер жаны,
Бұл екеуінсіз жоқ сәні.
Оқу-білім - ер жаны,
Жараспас ерге құр жаны.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: мағжан жұмабаев Жазғы таң өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, жаз туралы өлеңдер, жаз туралы өлең шумақтары, стихи на казахском языке про лето