Ахмет Байтұрсынов (Жауға түскеннің сөзі)
Жанға көңіл қалып тұр,
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..
Жан бұл күйге салып тұр.
Тәнге көңіл қалып тұр,
Тән шыдамай, арып тұр.
Жұртқа көңіл қалып тұр,
Жұрт жалғанға нанып тұр.
Өтірік өрлеп күшейіп,
Шын жеңіліп, талып тұр.
Бақ дегенге байлау жоқ,
Уағдадан танып тұр.
Тағдыр шіркін тап беріп,
Тамағымнан алып тұр.
Бәле деген аңдушы
Аяғымнан шалып тұр.
Жала деген төбеті
Балтырымнан қауып тұр.
Жау білегін сыбанып,
Пышағын қайрап, жанып тұр.
Сауысқан, қарға, қарақұс
Жемтік аңдып, бағып тұр.
Көре алмаған күншілдің
Көңіліне мұным жағып тұр.
Табалаған жаманның
Шаян тілі шағып тұр.
«Әй, сені ме?!» дегеннің
Айызы әбден қанып тұр.
Жаны ашыған жақынның
Жас көзінен ағып тұр.
Айыруға амал жоқ,
Қылышын жерге шауып тұр.
«Әлдеқалай болар» деп,
Жүрегі жұлқып қағып тұр...
Түгі жылы, білмедім,
Түледі ме - нағып тұр?
Түлемеген түпкі дос,
Түлегенің барып тұр!..
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Ахмет Байтұрсынов өлең Жауға түскеннің сөзі, ахмет байтұрсыновтың өлеңдері, ахмет байтұрсынов өлеңдері, ахмет байтурсынов стихи на казахском языке, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, Ахмет Байтұрсынов Қазақша өлең, казакша олен ахмет байтурсынов, стихи ахмет байтурсынов на казахском языке, ахмет байтурсынов олендери на казахском языке, ахмет байтұрсынов казакша олен