Махамбет Өтемісұлы (Күн болған)
Таудай болған талаптың
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурәт кеңес сұралса,
Мәшурәт берер ер едік -
Исатайдан айрылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Назары қайтқан күн болған.
Жібектен бауы көнеріп,
Ақсұңқар ұшқан күн болған.
Бағаналы боз орда
Еңкейіңкі күн болған.
Телегей-теңіз шалқыған
Қоғалы көлдер суалып,
Тізеге жетер-жетпес күн болған.
Жапанға біткен бәйтерек
Жапырағынан айрылып,
Қу түбір болған күн болған.
Алқалаған жер болса,
Азамат басы құралса,
Мәшурәт кеңес сұралса,
Мәшурәт берер ер едік -
Исатайдан айрылып,
Алқалай келген кеңесте
Дем құрыған күн болған.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи махамбет отемисулы на казахском языке, махамбет өтемісұлы Қазақша өлең, казакша олен махамбет утемисов, стихи махамбет утемисов на казахском языке, махамбет утемисулы казакша олен, махамбет өтемісұлы өлеңдері, махамбет отемисулы олендери на казахском языке