Бақдәулет Арыстан (Бəрін сүйем)

 Бақдәулет Арыстан (Бəрін сүйем)

Жылап тұрсамда, мен сені жұбатармын,
Мағанда келер тағдырым жылатар күн.
Саған рахмет жары боп жүрген мендей
Бейшара Күнаһардың...

Тағдырдың ащы екен ғой уы мына,
Шыдап жүрсің ыстығы, суығына.
Жүрегім байқұс өлеңін бастап кетті
Қарамай буынына...

Тағдырымыздың жолдары тегісте емес,
Пенде болған соң қиын ғой періште емес.
Мұңым болса да сəтім жоқ өзіңменен
Бірге бірдей бөліскен еш.

Сарғаяр бір күн сезімнің жапырағы,
Сезімнен басқа көбісі сатылады.
Махаббатым-ау Кешірші, мен шығармын
Адамдардың ақымағы.

Қиналып кеттім, төземін, төзу керек
Сүймейсің дейсің, бұл айтқан сөзің бөлек.
Сүймесем мұндай өлеңім тумас еді
Өлеңге де сезім керек

Көз жасың қандай тым мөлдір, бұлақтай ақ,
Басыма кештеу тиіпті бірақ таяқ.
Жыламай жүрсең болды ғой жарығым-ау
Жанымды жұбатпай-ақ.

Балапаным-ау тəп-тəтті балмұздағым
Мен сезіп жүрмін бір мұңның таңғы ызғарын.
Сен үшін өліп кетер ем бірақ əлі
Дайын емес жалғыз жаным

Адам өткен соң байқайды қателерін,
Алтыным менің дəл қазір кафедемін.
Бай адам болсам деп жүрмін сонда ғана
Керегіңді əперемін.

Өлеңім мен-ақ сыйлаймын айды мына,
Өлеңім мен-ақ жеңемін қайғыны да.
Айыр бастамас едім мен өнерімді
Дүниенің байлығына.

Түрлі жағдайлар өткенде тола бастан,
Сені таңдағам басқаға жоламастан.
Бір құл бір құлға көмегін беріп тұрса
Көрініс жоқ одан асқан.

Бар кінəні сен ойламай маған жаптың,
Жалғанда мынау сұлуым саған жақпын.
Жақсы адам болып өтсем ғой қазіргідей
Бəрін сүйген адам заттың...

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру