Сенуге болмайды ешкімге

Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.
Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.
Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.
Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Жалғанның бір тұтам құйрығы,
Шындықтың шынайы сый-құны.
Алланың ақ жолы ақиқат
Пенденің өзгерер пиғылы.
Біреулер ісіңе құмартып,
Біреулер жатады мін артып.
Орынсыз өтірік мақтаудан
Орынды айтылған сын артық.
Ақкөңіл адал дос қайдасың?
Ескертіп қоятын айласын.
Жалықтым жасанды жандардан
Ойлайтын басының пайдасын.
Қамшының сабындай бес күнде,
Алданба ғажайып кескінге.
Сенуге болады өзіңе
Сенуге болмайды ешкімге.
Жәнібек Салқынбек
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Сенуге, Қамшының, күнде, Алданба, ғажайып, кескінге, болады, өзіңе, болмайды, ешкімге, сабындай, Шындықтың, Біреулер, шынайы, құйрығы, тұтам, Жалғанның, артық, Жәнібек, пайдасын