Абай Құнанбаев (Қуаты оттай бұрқырап)
Қуаты оттай бұрқырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз -
Наданға қадірсіз.
Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым-жырт!
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырқырап,
Көк бұлттан үзілген.
Қайран тіл, қайран сөз -
Наданға қадірсіз.
Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-ақ бақты ғой,
Неше түрлі айла етіп.
Оянбай, қайран жұрт,
Ұялмай қал жым-жырт!
Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды қуалар.
Ән салар, жатқа алар,
Түбінде құр қалар.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері