Ерлан Ахмет (Жан жыласа…)
Сыры басқа мен үшін баяғының,
сыны басқа сұрықсыз аярының.
Сүрінбедім, сұлатпақ тағдыр-сынның
тигенде де екі ұшы таяғының.
Үні басқа мен үшін кешегінің,
күні басқа кешірген көшелінің.
Жығылмадым, жақынның жас жаныма
жармасқанда кереғар кеселі мың.
Өңі бөлек мен үшін бүгінгінің,
жөні бөлек күнімнен түңілді кім?!
Таңның мынау сәулесі сығалаған
жаным мынау – жарадан тілім-тілім.
Жайын айтқым келмейді келешектің,
өйткені мен бүгінге берешекпін.
Жылатпаса жанымды болғаны ғой,
қосып қойып ішіне көп өсектің.
сыны басқа сұрықсыз аярының.
Сүрінбедім, сұлатпақ тағдыр-сынның
тигенде де екі ұшы таяғының.
Үні басқа мен үшін кешегінің,
күні басқа кешірген көшелінің.
Жығылмадым, жақынның жас жаныма
жармасқанда кереғар кеселі мың.
Өңі бөлек мен үшін бүгінгінің,
жөні бөлек күнімнен түңілді кім?!
Таңның мынау сәулесі сығалаған
жаным мынау – жарадан тілім-тілім.
Жайын айтқым келмейді келешектің,
өйткені мен бүгінге берешекпін.
Жылатпаса жанымды болғаны ғой,
қосып қойып ішіне көп өсектің.
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: ерлан ахмет Жан жыласа… өлең стихи на казахском казакша олен, ерлан ахмет өлеңдері, ерлан ахмет стихи на казахском языке, ерлан ахмет олендери казакша, Жан жыласа…