file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Хамит Ерғалиев (Сырласу)

 Хамит Ерғалиев (Сырласу)

Жан-жануар өсімдіктің,
Менің де анам!
Өзіңде ұқтым.
Еш кінәсіз жылы көзбен
Түрін көрдің
не сұмдықтың:
Көрдің адам соғыстарын -
Найза, садақ, оқ ұштарын,
Жасыл орман құшамын деп,
Жанып жатқан шоқ ұстадың.
Босандырмай жүкті әйелді,
Екі тағдыр жұптай өлді.
Қалды сол бір қарау жылдар
Қалды кейін, жұтпай елді.
Солай, сұлу Гүлей - Көктем!
Көктен өзі құлай кеткен,
Бақыт бар ма?.. Еш бақытты
Түсірген жоқ құдай көктен.
Бойын аштық, жоқтық алған
Сен ояттың жұртты қолдан.
Сенен Маркс, Ленин туды -
Сен бақытқа ұйтқы болған!
Дүр сілкінтіп көк пен жерді
Арман келді көптен бергі:
Сенің ұлы перзенттерің
Адамзатқа көктем берді.
Өзің қызың - Май бірінші
Көркің қандай!..
Айбының ше?!
Өзің қызың сонау Шолпан,
Сонау аппақ.Ай бірінші!
Көктем ұлы Гагаринді
Жаһан жырлап бағар енді.
Ашқан сонау көк әлемді,
Ол жұлдыздан жоғары енді.
Көктем!..
Көктем!..
Гүләй - Көктем
Көктен езі құлай кеткен,
Бақыт бар ма?.. Еш бақытты
Түсірген жоқ құдай көктен.

1960

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру