Үмбетей жырау (Көкте бұлт сөгілсе)
Көкте бұлт сөгілсе,
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда;
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда;
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда;
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда;
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда?!
Көктеп болмас, не пайда;
Көкіректен жан шықса,
Қайтып келмес, не пайда;
Дін пұсырман болмаса,
Тіл пұсырман не пайда;
Қызда қылық болмаса,
Құр шырайдан не пайда;
Ерге дәулет бітпесе,
Шүлдіреген қызыл тілден не пайда;
Мал араға түспесе,
Құр айтқаннан не пайда;
Байдан қайыр кеткен соң,
Мал да кетер, не пайда?!
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: үмбетей жырау Көкте бұлт сөгілсе өлең стихи на казахском умбетей жырау казакша олен, үмбетей жырау өлеңдері, стихи на казахском языке умбетей жырау, умбетей жырау олендери, Көкте бұлт сөгілсе