Шалкиіз Тіленшіұлы (Көктеп мінген еріңнің)
Көктеп мінген еріңнің
Астында көп жүгірер күлік бар,
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Көрінгеннің бәрін де кісі демеңіз:
Күпе-күндіз тал түсте
Тараңдап түзге кетер кісі бар.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер!
һәрбірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айрылса,
Олардың һәрбіреуі
Һәрбір итке жем болар.
Астында көп жүгірер күлік бар,
Көн садақтың ішінде
Көбе бұзар жебе бар.
Көрінгеннің бәрін де кісі демеңіз:
Күпе-күндіз тал түсте
Тараңдап түзге кетер кісі бар.
Ау, бөрілер, бөрілер,
Бөрімін деп жүрерлер!
һәрбірінің баласы
Алтау болар, бес болар,
Ішінде абаданы бір болар.
Абаданынан айрылса,
Олардың һәрбіреуі
Һәрбір итке жем болар.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: шалкиіз тіленшіұлы Көктеп мінген еріңнің өлең стихи на казахском шалкииз жырау тленшиулы казакша олен, шалкиіз тіленшіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шалкииз жырау тленшиулы, шалкииз жырау тленшиулы олендери, шалкиіз жырау олендери, шалкиіз жырау өлеңдері, Көктеп мінген еріңнің