Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қарағай да қайғырып)
Қарағай да қайғырып,
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Әлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға әлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
Өлімге өзін телиді.
Жаңа өспірім жас шілік,
Жер тұлғасы болады.
Бақытты тұрмыс — тіршілік
Бір кезде соған қонады.
Суылдайды заманға.
Иесінен айрылып,
Кездескен берік қамалға.
Ақ қайың да дірілдеп,
Әлденені күткендей.
Қайғылы үнмен күбірлеп,
Сөйлейді тіл біткендей.
Дауылға әлсіз қара ағаш,
Күдерін үзбес өмірден.
Бұтасыз түбі жалаңаш,
Тас топыраққа көмілген.
Шоғырлы біткен сом терек,
Жыл сайын қажып, кемиді.
Қуарып қызыл гүл шешек,
Өлімге өзін телиді.
Жаңа өспірім жас шілік,
Жер тұлғасы болады.
Бақытты тұрмыс — тіршілік
Бір кезде соған қонады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сұлтанмахмұт торайғыров Қарағай да қайғырып өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров өлеңдері, Қарағай да қайғырып