file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қ .... ға сәлем)

 Сұлтанмахмұт Торайғыров (Қ .... ға сәлем)

От бар-ау қара көзде жанып тұрған,
Сымбаты сұлу-ақ-ау барып тұрған.
Тік иық, жазық жаурын, орта бойлы,
Жіңішке бел қыналып, талып тұрған
Көргеннің көз құмары ауып тұрған,
Ойы тілеп, көңілі шауып тұрған.
Өзіне деп жұлқынған жүрек күшін,
Сыртқа шашпай, ақылмен тауып тұрған.
Қарақаттай көзі бар, мөлдір біткен,
Жалтаңдап қарағанда жанар төккен.
Жан азығы болады жас жігітке,
Күлімдеп, қарағанда нұры сепкен.
Дөңгелек, қара торы, сұлу беті,
Кім білсін қоңыр ма, ақ па қандай еті,
Түр-сымбатқа сай біткен ойы болса,
Не ойлап жүр, қайда екен, арғы шеті.
Кірсіз тіс, жұқа ерін, сөзге епті,
Ақылмен біліп сөйлер әрбір текті.
Жасы менен денесі таласа өсіп,
Хұрмадай кәміл піскен көзім жетті.
Қара сүрме тігілген қасы жайдай,
Жайдары, ашық мінез, сөзі балдай,
Әдепті әзіл сөзден алдырмайтын,
Ақылға сай, сайраған сұрша таңдай.
Тік түскен көз арасы, пісте мұрын,
Сәніне келтіріп тұр беттің түрін.
Сырты сұлу, басында ақылы бар,
Кім білсін, қандай екен ішкі сырын.
Кең маңдай, ми тұрарлық жұмыр басы,
Қара жібек секілді ұзын шашы.
Аналыққа жарасқан төстек кеуде
Қатарласа тік біткен қос алмасы.
Жасынан оқу оқып, көпті білген,
Несиелі сөзі жоқ, әдеп көрген.
Сенен асып басқаны тақдамас ем,
Жүрегің мендік болып қолға тисең.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру