Сұлтанмахмұт Торайғыров (Неге жасаймын)
Сусыз, шетсіз шөлдерден,
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
Тұманды, түпсіз көлдерден,
Адамдық көші өткенше!
Қасқыр мен қой дос болып,
Достықсыз өмір бос болып,
Шын өмірге жеткенше!
Іштен өсіп адамдық,
Сырттан түлеп жамандық,
Тазарып әбден кеткенше;
Талай шаштар ағарар,
Талай тәнді жер алар,
Талай буын қуарар,
Талай өмір суалар.
Жасамаймын: «Еңбектің
Жемісін көзбен көрем», - деп,
Жасаймын: «Бір қолғабыс,
Кейінгіге берем», - деп.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: сұлтанмахмұт торайғыров Неге жасаймын өлең стихи на казахском султанмахмут торайгыров казакша олен, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров стихи на казахском языке, султанмахмут торайгыров олендери, сұлтанмахмұт торайғыров өлеңдері әдеби әлем, султанмахмут торайгыров өлеңдері, султанмахмут торайгыров олен, стихи султанмахмута торайгырова на казахском языке, Неге жасаймын