Сәбит Дөнентаев (Досыма жазғаным)

 Сәбит Дөнентаев (Досыма жазғаным)

Хат жазамын шын көңіліммен досыма,
Жүрегіммен сағынамын қосыла.
Қол жазған соң, тіл айтқан соң аласыз,
Кетті жүрек еріп, жөңкіп жосыла.
Екі жылдай жолдас болған сырласым,
Айрылғандық біздің ішті тырнасын.
Өтіп кеткен екі жылға қайырыла

Құп білемін екі өмірдің тұрмасын.
Айырылғанын көрсем-дағы дененің,
Жүрегіміз мәңгі айырылмас, сенемін.
Біле алмаймын
Сізге ұнарын, яки жоқ,
Бір мұңым бар айтайын деп келемін:

Босқа өтіп тұр минут, сағат, күніміз,
Күндер түгіл, жұма айымыз, жылымыз.
Тұздығы ащы, жері жақын, жемісі аз,
Жолда қалды жол таба алмай ініңіз.
Ойға алғанның бәрі түгіл, бірі жоқ,
Керек білем жәрдеміңіз, пұлыңыз.
Аяғында жармаспасақ үмітке,
Қанша айтқанмен біз - тағдырдың құлымыз.
Бұл әншейін досқа жазған сырымыз,
Деген емес «бұған айла қылыңыз».
Қол сермеген жемісіңіз тап болып,
Ұзақ өмір, қош сәлемет тұрыңыз.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру