Медеу Демеу Медеуұлы (Бәлкім кейін түсінерсің)
Түсін мені, түсінбе де сен мейлі,
Ауыр ойлар жүрегімді меңдейді .
Оңашада жалғыз қалып жылаймын,
Жылау деген жан жарасын емдейді.
Талай көргем жалған сөзін сендейдің ,
Дерсің, бәлкім, сені өртеген нендей мұң?
Тілсіз, мұңсыз жақсы көрген жандардың ,
Менше сүйе аларына сенбеймін.
Болса дағы сенсіз айлар, жыл өткен,
Таппасам да жанға шипа, жүрекке ем.
Баянсызын махаббаттың қайтем мен,
Сүйсем сүйем, тек қана адал жүрекпен.
Мейлі бірге термейін мен қырда гүл,
Жүрегімде саған деген жыр –жалын.
Сен не десең, о де, қалқам, мен бірақ,
Сүйгендігім үшін сені ырзамын.
Ауыр ойлар жүрегімді меңдейді .
Оңашада жалғыз қалып жылаймын,
Жылау деген жан жарасын емдейді.
Талай көргем жалған сөзін сендейдің ,
Дерсің, бәлкім, сені өртеген нендей мұң?
Тілсіз, мұңсыз жақсы көрген жандардың ,
Менше сүйе аларына сенбеймін.
Болса дағы сенсіз айлар, жыл өткен,
Таппасам да жанға шипа, жүрекке ем.
Баянсызын махаббаттың қайтем мен,
Сүйсем сүйем, тек қана адал жүрекпен.
Мейлі бірге термейін мен қырда гүл,
Жүрегімде саған деген жыр –жалын.
Сен не десең, о де, қалқам, мен бірақ,
Сүйгендігім үшін сені ырзамын.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: медеу демеу медеуұлы Бәлкім кейін түсінерсің өлең стихи на казахском медеу демеу медеуулы казакша олен, медеу демеу медеуұлы өлеңдері, стихи на казахском языке медеу демеу медеуулы, медеу демеу медеуулы олендери, Медеу Демеу Медеуұлы, Бәлкім кейін түсінерсің