Медеу Демеу Медеуұлы (Табынамын)

 Медеу Демеу Медеуұлы (Табынамын)

Сыр айтудан өзіңе қысылмадым.
Осы ма, сүю деген тылсым, жалын,
Ұмыттым өзімді өзім. Соңғы кезде.
Сен менің есімді алып жүрсің, жаным?
Сен барсың, Басқа ешкім де керек емес .
Тастадым, жырды, мұңды –құрсын, бәрін!

Апырау –ау, бұл не сезім ел кешпеген,
Қалмады титтей сабыр,менде ес деген.
Жеттің –ау көп аңсатып кемес-деп ем,
Саған ессіз бас иіп,белді будым,
Еш адамға ешқашан сенбеске мен.

Сен маған жауқазын ба ең,лағылгүл ме ең,
Сен арқылы көңіліме жалын кірген.
Сен арқылы өмірдің бәрін білген,
Сенде қандай күш барын біле алмадым.
Әйтеуір табындым мен.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру