"Жиіркенішті": Мақпал Жүнісова "ұятсыз" клип түсірген әншілерді сөгіп тастады
Соңғы уақытта көпшіліктің қытығына тиген клип түсіріп, елдің алдында ұятты образдарымен шыққан әнші қыздарға Мақпал Жүнісова пікір білдірді. Әнші соңынан ерген сіңлілерінің бұл әрекетінің "жиіркенішті" екенін айтады деп хабарлайды "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Халық әртісі шоу-бизнестегі бойжеткендердің бетімен кеткеніне ашуланды.
Айта кетейік, осыған дейін қос жігітпен сүйісіп, клип түсірген Кәмшат Жолдыбаев елдің қатаң сынына ұшыраған.
Сондай-ақ NUR KZ порталы елімізде ұятсыз бейнебаян түсірген әншілер жайлы мәлім етті.
Халық әртісі шоу-бизнестегі бойжеткендердің бетімен кеткеніне ашуланды.
"Мен естіп жатырмын. Өте ұятты сахналар түсіріліп жатыр. Оның барлығы эфирден көрсетілсе, демек сұраныс солай. Біздің менталитетке жатпайтын, шешінетін клиптер көбейді. Алла бізді сұлу етіп жаратса, оны барлығына көрсету керек деген сөз емес. Ол сұлулықты тек күйеуі үшін, өзі үшін пайдаланып, қадірін білу керек.
Аттарын айтсам, олар ренжіп қалады. Кімдер жайлы екенін өздеріңіз де біліп отырған боларсыздар. Бірақ ана бейнебаянды көру, шынымен жиіркенішті", - дейді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, осыған дейін қос жігітпен сүйісіп, клип түсірген Кәмшат Жолдыбаев елдің қатаң сынына ұшыраған.
Сондай-ақ NUR KZ порталы елімізде ұятсыз бейнебаян түсірген әншілер жайлы мәлім етті.
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру