Шымкентте қыздың жасауын апару қанша тұрады?
Қыз тұрмысқа шыққанда артынан алып баратын дүние-мүлкі қыруар қаржыны талап етеді. Әрине, елдің әр өңірінде қыздың жасауына деген көзқарас әрқилы. Бірақ, оңтүстік жақта бұл дәстүрге аса мән беріледі. Тіпті ел арасында «қыздың артынан барған дүниесі жаңа түскен келіннің абыройлы болуына тікелей қатысты» деген пікір тарап жүр.
Расымен де солай ма? Осы ретте бұл пікірдің анық-қанығын білмек болған nur.kz тілшісі босаға табалдырығын жаңадан аттаған жас келіндермен пікірлесіп көрді.
Түркістандық Зейнеп Ұласбекқызы – 22 жаста. Өткен жылдың қыркүйек айында босаға аттап, келін атанған.
Жас келін бүгінде ата-ененің қолында тұрады. Қыз кезінде әке-шешесінің еркесі болып өскен оның ішкені алдында, ішпегені артында болыпты.
«Тұрмысқа шыққан соң ненің қажет, ненің қажет емес екенін үйрендім» деген ол үнемшіл бола бастағанын жасырмайды. Сондай-ақ, келін қыз жасауының кейбір тұстары тым артық деп есептейді.
Оңтүстікте «ұят болады» деген ұғымның қалыптасқанын алға тартқан ол ата-ананың қызы барған жерінде ұятқа қалмасын деп барынша шашылатын кездері де болады дейді. Өзінің артынан дүние-мүлкі толығымен келген. Оның бәрін ата-анасы ешбір несиесіз өздері сатып алыпты. Қыз жасауында 6 көрпе, 8 көрпеше және 2 жастық және 2 сандық бар. Одан өзге төсек-орын және ыдыс-аяқ гарнитуры, гардероб бар.
Ал тұрмыстық техникалардың ішінде тоңазытқыш, кір жуғыш машина, теледидар, ет тартқыш, шырын сыққыш бар. Ыдыс-аяқ та түгелімен барған.
Төрт мезгілге арналған киім-кешек, аяқ киімді де қосып қойыңыз. Зейнептің айтуынша, өзінің артынан барған мүлікке 3 млн. теңге жұмсалыпты. Айта кетерлігі, жас келін тұрмысқа шығу туралы жоспары болмағандықтан артынан алып баратын дүниенің бірін де жинаған.
Үш жыл кездесіп жүрген жігіті қызға айтпастан алып қашып кеткен. Зейнептің үйіндегілер алғашында қарсы болыпты. Дегенмен қыздың қалауы болған соң, үйіндегілер баталарын берген.
Екінші кейіпкеріміз – Әсел Ережепова. 1992 жылы дүниеге келген Әсел Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданының қызы. Қазығұрт ауданы, Жаңа базар ауылына келін болып түскен. Өткен жылдың қараша айнда «келін» атанған Әсел бүгінде күйеуі, қайын әпкесі мен екі қайын сіңілісімен Шымкентте тұрады. Үйдің екінші келіні. Абысыны ауылда, ата-ененің қолында.
Артынан дүние келерде үйге тек қажетті заттар алу керек деп екі жақ келісімге келіпті. Тұрмысқа шыға сала еншісін алған Әселдің артынан тоңазытқыш, теледидар, кір жуғыш машина, қысқатолқынды пеш, шырын сыққыш және тағы да басқа ұсақ-түйек техникалар келген.
Барлығы да қолма-қол ақшаға сатып алыныпты. Сондай-ақ, төсек-орын гарнитурасы, гардероб, ыдыс-аяқ бар. Оны алуға тек қыздың үйіндегілер емес, туыстары да атсалысыпты.
Көрпе-төсекті келіннің төркіні тігіп жатыр. Ал оған кететін шығынды қазақы жөн-жоралғы бойынша (мата, мақта) жігіт жақ жеткізіп берген.
Әселдің артынан барған киім-кешек, дүние-мүлкіне 3 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Айтпақшы, қазығұрттық келінні қайын-жұрты 500 мың теңге көлемінде қалың мал беріпті. Әрине, ежелгі дәстүр бойынша қыздың артынан келген қалың мал оның бүкіл төсек-жабдығы мен дүниесіне, киім-кешегіне жетуі тиіс болатын. Бірақ, бүгінде ол дәстүр біртіндеп қалып барады. Көбіне қыз берген жақ шығынға батады. Бұл пікірмен жас келін Әсел де келіседі.
«Затты несиеге алу деген, әрине, дұрыс емес. Бірақ, небір отбасы, небір ене бар. Кейде «сенің анауың жоқ», «сенің мынауың жоқ» деп деп түртпектеп отыратын енелер де бар. Сондай кезде алуға мәжбүр болатын шығар. Дегенмен, кез келген ата-ана қыздың дүниесін алып барарда шамасына, жағдайына қарағаны дұрыс қой. Сондай-ақ, бізде бәсекелестік деген артып барады. Меніңше, ол дұрыс емес», - дейді жас келін.
Төрт қыз тәрбиелеп, оның екеуін қияға қондырған Талшын есімді ана қыздың дүние –мүлкіне қатысты пікірімен бөлісті.
"Қыз беретін болсаң, кәдімгідей шығын. Ұзату тойының өзіне кемінде миллион теңге шығындаласың. Оған дүние-мүлкін қосыңыз. Әрине, «қызым барған жерінде сөзге қалмаса» деген оймен қатарынан кемітпеуге тырысасың. Ол үшін қомақты қаржы қолыңда болуы керек. Барлық ата-ана бақуатты тұрмайды. Үшінші қызымды ұзатарда болашақ құдағиыммен ақылдасып, тек керекті заттарын алып барамын деп келісіп алмақпын", - дейді ол.
Қыз берген ананың екінші қызын ұзатарда несие алуына тура келіпті. Оған доллар бағасы күрт көтеріліп, тұрмыстық техниканың қымбаттауы себеп болған.

дереккөз: nur.kz
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: артынан, деген, қыздың, барған, дүние, келін, келген, Әрине, Бірақ, берген, Сондай, болған, қайын, бүгінде, дұрыс, түскен, үйіндегілер, келіннің, тұрмысқа, теңге, Шымкентте қыздың жасауын апару қанша тұрады