Соңғы 3 жылда елорда жолдарын жөндеуге 100 млрд теңге жұмсалды

Соңғы 3 жылда елорда жолдарын жөндеуге 100 млрд теңге жұмсалды

Шикі істен ши шықты. Астанада осыдан тура 1 ай бұрын ғана тақтайдай жөнделген жолдар қайтадан аршылып жатыр.

Бір қызығы, министрліктер үйінің алдындағы негізгі жолдар Астана күніне арнап таяуда ғана қайта жөндеуден өткен еді. Алайда, қала басшылары көп ұзамай бұл жолдарды қайта жөндеуге тапсырма берген деп хабарлайды KTK арнасы.

Орынбор көшесін аяғы баспаған жұрт үшін бұл жол бірінші рет жасалынып жатқандай көрінеді, биылғы жылы. Алайда, жол жөндеуші мекеме Астана күнінің алдында ғана дәл осы жолдарға күрделі жөндеу жүргізген еді.
Бір өкініштісі - мұндай қайта жасалған жерлер бір ғана мемлекеттік қызметкерлер жүретін жолға емес, ондаған көшенің бойына жасалып жатыр. Соқпақтардың осынша сапасыз салынуына қала басшылығы асфальт төсеген мекемені айыптауда.

Соңғы 3 жылда елорда жолдарын жөндеуге 100 млрд теңге жұмсалған екен. Алайда, осынша қыруар қаржы шығындалса да, жолдың сапасы жақсаратын түрі жоқ. Керісінше, тақтайдан жасалынған жолдар шыдас бермей қайта аршылып, жүргізушілердің де жұрттың да мазасын қашырып отыр. Бұл жолы да солай. Қазір осы іске қатысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.
Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру