file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Әр қазақстандық қанша гектар жер иемдене алады?


Әр Қазақстан азаматында қанша гектар жер болуы керек екені бекітілді.

Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек ведомствоның кеңейтілген мәжілісінде айтты.

«Биылғы 11 қаңтарда Үкімет жер пайдалану құқығы бір қолда болуы мүмкін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін бекіту туралы қаулы жобасын мақұлдады.

Республика бойынша орта есеппен, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты шаруа және фермер қожалықтары үшін ауыл шаруашылығы алқаптарының шекті (ең жоғары) мөлшері 35 мың гектар, заңды тұлғалар үшін – 51 мың гектар мөлшерінде белгіленген. Бұл ретте осы норма енгізілгенге дейін берілген жерлер бойынша тиісті талдау жүргізіледі», - деді вице-министр.

Сондай-ақ, ол жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасатынын атады.

«Ол үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарды айқындауды, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлар салатын айыппұлдардың шекті мөлшерін ұлғайтуды, сондай-ақ әкімдіктердің лауазымды адамдарының сауда-саттық пен конкурстарды және өткізбеу немесе уақтылы өткізбеу жауапкершілігін анықтауды және т.б. көздейтін мәселелер бойынша өзгерістер енгізу жөніндегі заң жобасы әзірленді.

«Биылғы 18 қаңтарында Заң жобасы Парламент Мәжілісінің екінші оқылымында мақұлданып, Сенатқа жолданды», - деді Әбілхайыр Тамабек.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу