Менің Әлемім қазақ тіліне аударылды

Менің Әлемім қазақ тіліне аударылды

26.08.2014ж. Менің Әлемім әлеуметтік желісінің командасы Қазақстандағы үш миллион пайдаланушы үшін туған тіл болып табылатын қазақ тіліне интерфейсін аударды және бейімдеді.
Соңғы бірнеше жыл бойы Қазақстанда қазақ тілінде сөйлейтін аудитория өсіп келеді. Қазақ тілінің іскери және тұрмыстық, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі қатысымдағы рөлі біртіндеп өсіп жатыр. Бұл тенденцияларға мемлекеттік деңгейде де белсенді түрде қолдау көрсетіледі: қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың мақсаты — мемлекеттік тілді Қазақстанның барлық өмір салаларында басым ету.
Бұл жағдайларда республикадағы ең танымал әлеуметтік желілердің біреуі Менің Әлемімнің командасы қазақ тіліне локализациялауды жүзеге асырды. Енді Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімде өзінің туған тілінде қатысым жасай алады, сондай-ақ, топтарды және жеке беттерді жүргізе алады. Қазақша нұсқаға өту үшін баптауларды тілді өзгерту жеткілікті.
Қазіргі уақытта сол жақтағы (негізгі) және қосымша мәзір, жобалардың мәзірі және футер аударылған. Бұл 3500 мыңнан астам сөз немесе 27 500 таңба. Әлеуметтік желінің атауы да аударылды: қазақ тілінде ол Менің Әлемім деп аталады. Бұған қоса, Android жүйесіне арналған Менің Әлемім қолданбасы да локализацияланды. Команданың жақындағы жоспарлары — басқа танымал мобильді платформалар үшін қолданбалардың қазақ тіліндегі нұсқаларын шығару.
Менің Әлемім — Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желілердің бірі: оның республикадағы ай сайынғы аудиториясы 3 млн пайдаланушыны құрайды (Gemius, Қазақстан, 12-64, сәуір, 2014). Қазақстандық пайдаланушылардың белсенділігі жоғары екенін атап өткен жөн. Мысалы, Қазақстандағы Менің Әлеміме орташа кіру 6,5 минут бойы жалғасады: бұл Ресейдегіден 1,6 минутқа ұзағырақ, Украинадағыдан 1,9 минутқа ұзағырақ және Беларуссиядағыдан 2,2 минутқа ұзағырақ (LiveInternet.ru 2014 жылдың сәуіріндегі деректеріне сай). Қазақстандағы пайдаланушылар Менің Әлемімдегі достарға қосулардың барлығының 25%-ын орындайды және фотосуреттердің жалпы көлемінің 29%-ын орындайды (LiveInternet.ru деректері бойынша).
«Қазақ тілінің іскери ғана емес, жеке қатысымдағы да рөлі барған сайын өсуде. Бұл объективті демографиялық және миграциялық процестермен де, мемлекеттік саясатпен де байланысты. Менің Әлемім — Қазақстандағы миллиондаған пайдаланушылар үшін нөмірі бірінші әлеуметтік желі болғандықтан, біз үшін оларға өзінің туған тілінде қатысым жасау және мазмұнын жүргізу мүмкіндігін беру маңызды болды» , – дейді Менің Әлемім әлеуметтік желісінің жетекшісі Денис Алаев. – Менің Әлемімді локализациялау процесі жалғасып жатқандықтан, біз қазақстандық пайдаланушылардан кері байланысты алуға және әлеуметтік желінің қазақша интерфейсімен одан әрі жұмыс істеуде олардың ұсыныстарын ескеруге қуанышты боламыз».
Менің Әлемім, Mail.Ru Group жобасы, — рунеттің ең танымал әлеуметтік желілерінің бірі, оның аудиториясы айына 30,6 млн адамды құрайды (TNS, бүкіл Ресей, 12-64 жастағы халық, қаңтар 2014 ж.). Менің Әлемім өз API белсенді түрде дамытуда. Атап айтқанда, оның көмегімен тәуелсіз әзірлеушілер әлеуметтік желінің пайдаланушылары үшін қолданбалар жасай алады. Менің Әлемім осы бағыттағы жетекшілердің біреуі болып табылады — осы жобаның шеңберінде ресейлік және шетелдік әзірлеушілерден тақырыптары әр түрлі көптеген ойындар әлдеқашан қамтамасыз етілген.


Автор: Ольга Настюкова

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру