Кәсіп ашқысы келетіндерге 400 грант беріледі

Кәсіп ашқысы келетіндерге 400 грант беріледі

Нұр-Сұлтан әкімдігі 2021 жылы өз кәсібін ашуға ниетті адамдарға 400 грант беруді жоспарлады.


Гранттар халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы беріледі. Грант мөлшері 583 400 теңгені құрайды.


Комиссия қарауына қаңтардан бері 87 өтініш келіп түсті. Олардың 37-сі грантқа лайық танылып, іріктеуден өтті.


Грантқа жұмыссыздар, кәсіпкерлер және еліміздің салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген адамдар үміткер бола алады.


Байқаудың басты талабы қатысушының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өтті деген сертификаты болуы қажет. Байқауда атаулы әлеуметтік көмек алушылар, қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткендер, қоныс аударып келген және қандас азаматтар ерекше құқыққа ие екенін айта кету керек.


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу