Қазақстанға келген шетелдіктерге ескерту жасалды
Алматы қаласының прокуратурасы шетелдіктерге көші-қон заңнамасын түсіндірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Ескертуде Қазақстанда жүрген өзге ел азаматтарынан сақтық шараларын сақтауды сұрады.
"Құрметті республикамыздың қонақтары! Шетелдік азаматтар легі артуына байланысты көші-қон заңнамасын түсіндіру қажеттілігі туындады. Осы кезеңде қонақтар арасында көрші мемлекеттің саналы азаматтарымен қатар, түсініксіз себептермен келген адамдардың да елге кіру қаупі бар. Сондықтан сіздерден сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Заңнамадағы бұл норма көші-қон процестерінің ықтимал теріс салдарын болдырмау үшін дәл қарастырылғанын есте сақтаңыз.
Құрметті қонақтар! Назарларыңызға ұсынамыз: ЕАЭО-ға мүше мемлекет азаматтарының болу мерзімі хабарлама болған жағдайда мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап 90 күнтізбелік күннен кейін аяқталады", - деді прокурорлар.
Ал бұл нормаларды сақтамаған жағдайда ӘҚБтК-нің 517-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды.
"Құрметті Алматы тұрғындары! "Көшіп келушілердің Қазақстанға келу және болу ережелеріне" сәйкес қабылдаушы тарап, яғни Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тіркелген заңды тұлғалар иммигранттар туралы көшіп келген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарына хабарлауға міндетті.
Шетелдіктің келуі туралы хабарлама үш тәсілмен (электрон виза және көші-қон порталы арқылы, тікелей көші-қон қызметі бөліміне немесе E-Qonaq қосымшасы арқылы) берілуі мүмкін", - деп толықтырды қадағалау органы өкілдері.
Аталған мерзімді бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғаларға 10-нан 20 АЕК-ке дейін, ал қайталап бұзғаны үшін - 30-дан 100 АЕК-ке дейін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бір АЕК 3063 теңгеге тең.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру