"Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып, боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?
Мұхамедтің кәсібі - визажист. Ол өзгелерге ғана емес, өзіне де макияж жасайды. Орамал тағып, бетіне макияж жасап, түрлі видеоға түсіп жүрген қазақ жігіт гей ме? Оның ел алдына орамал тағып шығуының сыры неде? Отбасы, ата-анасы мен бауырлары оның бұл әрекетін қолдай ма? Оқи отырыңыз.
Желіде орамал таққан, қыздан бетер боянып, тик-ток түсіріп жүрген жігіт көпшіліктің сынына қалды. Оған қарсы пікірлер жазып, балағаттап жатқандар аз емес. Ал Мұхамедтің өзі бұған тек кәсіп деп қарайды.
"Мен өзім визажиспін. Бұрын тек басқаларға макияж жасайтынмын. Қазір өзіме де жасап жүрмін. Осылайша желілерге видео жүктеймін. Ал, орамалды тағудағы мақсатым - оны үлгі ету. Қазақ әйелдері орамал таққан. Орамал қазақ әйелдерінің символы секілді болған. Бірақ қазір орамал тағатын қыздар, келіншектер аз. Үлкен кісілердің өзі орамал тақпайды. Мен осы мәселені көтеру мақсатында орамал тағып жүрмін. Қазір де орамал тағып шықтым. Ал, макияжды өз кәсібімді көрсету мақсатынды жасаймын. Мен гей емеспін. Кәдімгі жігітпін", - деді ол.
Мұхамед өзінің мұсылман екенін айтады. Алайда бала күнінен косметикаға жақын болып өскен. Тіпті небір түстер көріп, түсінде өзін айнадан көретін болған. Айнада өзінің боянған бейнесін көп көрген екен. Қазір сол кейіпті өмірде көріп жүр.
"Отбасында 7 ағайындымыз. 5 әпкем, 1 ағам бар. Ата-анам, жақындарым бастапқыда менің бұл тірлігімді түсінбей, ұрыса бастады. Мен бәрін түсіндіріп, мұның жұмыс екенін айттым. Тек жұмыс ретінде қарайтынымды, көзқарасымның дұрыс екенін айттым. Қазір бәрі мені түсінеді. Еш қарсылық көрсетпейді", - деді Мұхамед.
Өзін макияж жасайтын алтын жігіт деп таныстырған ол өзіне көптеп жағымсыз пікір жазылатынын, сын айтылатынын біледі.
"Сені өлтіріп кетемін, атып кетемін қатын сияқтысың, сен гейсің" дейтіндер көп. Мен ондай пікірлерді оқымаймын да, мән бермеймін де. Себебі маған елдің не ойлағаны маңызды емес. Мен өзім қалаған нәрсені жасаймын. Визажистік қызмет өзіме ұнайды. Одан ешқашан бас тартпаймын. Керісінше мені, мен сияқты боянатын жігіттерді қабылдаса екен деймін. Көпшіліктен соны талап етемін", - деді ол.
Көпшіліктің өзін қалай қабылдайтынын білу мақсатында көшеге боянып шыққан сәттері болған. Алайда көп адам оған таңғала, не жек көре қарайтынын айтады.

дереккөз
Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: жаңалықтар түрі на казахском языке, шоу бизнес туралы пікірлер шындық, шоу бизнес туралы пикирлер шындык, Казахстанские новости о шоу бизнесе, шоу бизнес туралы жаналык, қазақстан жаңалықтары, "Мені қабылдауын талап етемін": Орамал тағып боянып жүретін қазақ жігіті гей ме?