Головкин өзін жеңген боксшының отбасына 25 мың еуро сыйлады (фото)
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы, неміс боксшысы Эдуард Гуткнехтке 25 мың еуро сыйлады деп хабарлайды NUR.KZ, Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Головкин бас-ми жарақатының ауыр зардабын тартып жатқан Эдуард Гуткнехтке қолдау білдіру үшін Германияның Гифхорн қаласында қайырымдылық кешіне қатысқан.
Қайырымдылық кеште Эдуард Гуткнехтке түскен 50 мың еуроның 25 мыңын Головкин сыйлаған. Жиналған қаржы Эдуардтың отбасына тапсырылады.
Гуткнехт боксшы Джордж Гроувзбен өткен 12 раундтық жекпе-жекте қатты соққы алған болатын. Айқас аяқталған бойда спортшы киіну бөлмесінен бірден ауруханаға жеткізіліп, оның миына операция жасалды.
Еске салайық, Эдуард Гуткнехт әуесқой бокста Геннадий Головкинді жеңген болатын.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: головкин геннадий, геннадий головкин, головкин, Эдуард, Головкин, Гуткнехтке, Геннадий, боксшы, Қазақстандық, хабарлайды, болатын, Гуткнехт, жасап, сілтеме, Қазақпаратқа, сыйлады, боксшысы, неміс, қарсыласы, бұрынғы, өзінің, спортшы, жекпе