Шымкенттің орталығынан өз базарын ашқан қырғыздар оңтүстікке ағылып келіп жатыр
Шымкенттегі «Бекжан» базарын қырғыздар жалға алып жатыр. Ендігі жерде ол «Дордой – Шымкент» базары деп аталатын болды. Бұл сауда орталығының маңдайшасына көп ұзамай осындай атау жазылып қойылмақ деп хабарлайды Замана газетіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Базарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, көп нәрсе жаңартылған.
«Бекжан» базарын Қырғызстандағы «Дордой» базарының әкімшілігі жалға алды. "Дордой" ТМД елдері бойынша ең үлкен базар, әлемдегі осындай сауда орталықтарының алғашқы ондығына кіреді. Бір айдай уақыт болды, осы базардың өкілдері Шымкентке келіп, біздің жақпен келісім-шартқа отырды. Мұнда көтерме сауда орталығы болады. Базарды олар 10 жылға жалға алды, кейін толықтай сатып алмақ ниетте", - дейді «Дордой – Шымкент» сауда орталығы филиалының бас директоры Клара Нәдірқұлова.
Бұл базарда сауда жасауда негізінен артықшылық қырғыз кәсіпкерлеріне беріледі. Өйткені мұнда жеткізілетін тауардың барлығы дерлік, әсіресе жеңіл өнеркәсіп тауарлары Қырғызстаннан шығарылады. Бағалары арзан. Енді бұл жаққа тауар бұрынғыдай екі-үш қолдан өтпей, тікелей жеткізіледі.
Қырғыз ағайындар бұл сауда орталығының қазіргі жай-күйін ұнатып отыр. Базар барлық құрылыстық, санитарлық, өрт-қауіпсіздік қағида-ережелерге сай жабдықталған. Қыста жылытылады, жазда салқындатылады. Камералар, мықты күзет жұмыс істейді. Сауда жасаушыларға барлық жағдай жасалған.
"Қазір жалға орын алушыларды айналысатын сауда түріне қарай сұрыптап, тіркеп жатырмыз. Кейін қолдарына ордер, келісім-шарт береміз, сосын жалға алған «бутигіне» тауарын әкеліп қойып, саудасын жасай береді. Мұнда «Дордой» деп аталатын автотұрақ жұмыс істейтін болады. Сатушылар онлайн-режимде «Дордоймен» байланысып қажетіне тапсырыс беруіне мүмкіндік бар. Яғни екі ортада қатынайтын көліктер олардың тапсырысын көп ұзамай-ақ жеткізіп беретін болады. Сондай-ақ бұл сауда орталығының Түркістанда да аумағы 9 гектарлық бөлімшесі ашылған. Ол «Алтынбұлақ – Дордой» деп аталады. Қырғыз кәсіпкерлерін ол жаққа да орналастыратын боламыз», - базар басшысы.
Бүгінде саудада Қырғызстан тауарларына сұраныстың жақсы екенін, оның үстіне Шымкенттің тоғыз жолдың торабында орналасқанын, Өзбекстанның да жақын жатқанын ескерсек, бұл базарда сауда көп ұзамай-ақ құж-құж қайнайтын сияқты.

Қарап көріңіз 👇
kz | Жаңалықтар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Шымкент, қырғыз, жалға, ұзамай, болады, орталығының, базарын, Бекжан, осындай, Дордой, болды, базар, келісім, Шымкенттегі, орталығы, сілтеме, базарда, барлық, жұмыс