Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда

Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда

Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентiндегi 189-мектепте сұмдық жағдай болды. Бiлiм ошағында 12 жыл бойы математика пәнiнен сабақ берiп келген Әкбар Исахаев қамауға алынып, темiр торға тоғытылды, деп хабарлайды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

55 жастағы ұлағатты ұстаз 6-сыныптың 2 оқушысына анайы қылық жасады деп айыпталуда. Яғни, өткен жылдың желтоқсан айынан бастап жасөспiрiмдердiң санынан ұстап, жыныс мүшесiне қол жүгiрткен деген күдiк бар.

Сұмдық жағдайды қыздарының өздерiнен естiген ата-анасы дереу құқық қорғау органдарына шағымданған. Арыздан кейiн ұлағатты ұстаз қамауға алынып, соттың санкциясына сәйкес алдағы 2 айын тергеу изоляторында өткiзбек.

Алайда, күдiктi Әкбар Исахаевтың балалары әкелерiнiң мұндай қылмысқа барғанына сенбейдi.

Қызылордада 55 жастағы мұғалiм екi оқушының жыныс мүшесiнен ұстап, азғындық жасады деп айыпталуда

“Бұл барып тұрған жала. Менiң әкем 35 жыл бойы мұғалiм болып еңбек еттi. Талай оқушыларды тәрбиеледi. Арыз берген кiсiлердiң не көздеп отырғаны түсiнiксiз”, – дейдi ұлы Ержан Исахаев.

Қазiргi таңда мектеп әкiмшiлiгi түсiнiктеме берген жоқ. Жергiлiктi билiк өкiлдерiне ресми хат жолдадық. Жауабын күтудемiз.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Laura Temirhanova
    Laura Temirhanova 10.05.2017 17:49
    0 + 0 -
    қанша жыл ұстаз болған адам бұлай жасауы мүмкін емес
  2. Дана Курмангалиева
    0 + 0 -
    Мен сенбеймін. Қазіргі мына заманда мұғалімнен оқушы ақылды барлығы заң соққыш. Барып тұрған анайылық оқушылар тарапынан. Не ойлап таппайды дейсіздер. Өздеріне айтылған сөзді көтере алмайтын қаншама оқушылар бар. Жалпы жала жапқыш ата-аналар туралы айтпай ақ қоялық. Өзімізге сөйлемек түгілі тартып жіберетін. Одан жаман болмадық. Айнала қашатынбыз, Қазір шетел тәрбиесине кошип ақыры тарбиесиз урпак тарбиеленуде. Еш бір мұғалім ондай ис- арекетке бармайды деп ойлаймын.