file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Алматыдағы "Алтын орда" базарынан тастанды сәби табылды

Алматыдағы "Алтын орда" базарынан тастанды сәби табылды

Еліміздегі тағы бір безбүйрек ана сәбиін далаға тастап кетті. Бұл жолы кішкентай сәби "Алтын орда" базарының маңынан табылған деп хабарлайды NewTimes.kz сайтына сілтеме жасаған nur.kz.

Қаскелеңдегі аурухананың балалар бөлімінде даладан табылған екі сәби жатыр. Біреуінің туғанына отыз күн толса, екіншісі төрт айлық сәби.

"Біз олардың бірі "Алтын орда" базары маңынан табылғанын білеміз. Бүгінде сәбилердің жағдайы жақсы. Оларға киім, жаялық секілді қажетті заттар жетпей жатыр. Қайырымды жандар болса, сәбилерге көмек көрсетуін сұраймыз", - дейді еріктілердің бірі.

Әзірге, сәбилердің анасы туралы қандай да бір ақпарат анықталған жоқ.

Еске сала кетейік, жақында Жамбыл облысында безбүйрек ана бір жарым жастағы қызын көшеге тастап кеткен болатын.

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру