Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Г әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Г әрпі бойынша ат қою)

Гауһар - Гүлшаш

ГАУҺАР - иран тілінен алынған гауһар — қымбат бағалы тас, маржан, інжу. Түрі - Жаухар.

ГАЯНА - грек тілінен — жерге тән, жерден шыққан.

ГҮЛАЖАР - көркі гүлдей жайнаған қыз.

ГҮЛАЙ – қазақ есімі— гүлдей сұлу, айдай көркем қыз.

ГҮЛАЙЫМ - иран тілінен — гүлдей сүлу менін гүлім, айым.

ГҮЛБАНАТ - тәжік тілінен - қыздардың гүлі, сұлуы, әдемісі.

ГҮЛБАНУ - тәжік тілінен — гүл жайнаған қыз, сүйкімді бойжеткен.

ГҮЛБАРАШ - иран тілінен алынған гүлбара — сұлу, көркем, яғни гүлдей сұлу, әдемі, көркем. Түрі — Гүлбаршын.

ГҮЛБАХРАМ - араб тілінен — көктем гүлі. Еркелету түрі — Гүлпаш. Күлпаш.

ГҮЛБОЛСЫН - тәжік тілінен алынған гүл + қазақ сөзі болсын, яғни гүлдей жайнасын, гүл сияқты әдемі, көркем болсын деп қойылған есім.

ГҮЛҒАЙША - тәжік тілінен алынған гүл + ғайша — Айша, яғни гүл жайнаған Айша.

ГҮЛДАНА - тәжік тілінен — сұлу дана, данышпан, білгір. Түрі — Күлдана.

ГҮЛЖАМАЛ - араб тілінен алынған жамал — сұлулық, көркемдік. Яғни, гүлдей сұлу, нұрлы, әдемі. Түрлері - Гүлжан, Гүлжанат, Өзгеріскен түрі — Күлжанат.

ГҮЛЖӘМИЛА - иран және араб тілдерінен алынған жәмила - көркем, әдемі. Гүл сияқты көркем, ажары гүлдей.

ГҮЛЖЕҢІС - жеңістің гүлі. Ұлы Отан соғысының жеңісі күні туған қыз балаға осындай есім қойылған. Синонимі — Жеңісгүл.

ГҮЛЗАРИФА - иран тілінен алынған зариф — нәзік, жіңішке, яғни гүлдей нәзік, көркем, сұлу.

ГҮЛЗИПА - зипа иран тілінен алынған зебо — сұлу, көркем, тамаша, өте керемет, яғни гүлдей көркем, сұлу қыз. Өзгеріскен түрі - Күлзипа.

ГҮЛМАРИЯ - иран тілінен алынған гүл + көне еврей тілінен Мария, яғни сұлу Мария.

ГҮЛМИРА - иран тілінен алынған гүл + орыс тілінен мир(а) - бейбітшілік, тыныштық яғни бейбітшілік, тыныштық гүлі. Синонимі — Бейбітгүл.

ГҮЛНАЗ - иран тілінен алынған ноз — еркелік, наздық, яғни гүлдей құлпырған, әдемі, әсем кыз. Түрі — Назгүл. Қысқарған түрі — Назым.

ГҮЛНАР - иран тілінен алынған гүл + нар, анар өсімдігінін гүлі, қызыл, қырмызы гүл.

ГҮЛНАФИСА - иран және араб тілдерінен алынған — гүлдей көркем, ажарлы, нұрлы.

ГҮЛНИСА - араб тілінен алынған ниса — әйел қауымы, қыздар, яғни қыз, әйел біткеннің сұлуы, әдемісі.

ГҮЛНҮР - иран және араб тілдерінен алынған нұр — жарық, сәуле. Гүлдей сұлу, көркем әдемі, гүлдей көркем.

ГҮЛСАНАТ - иран және араб тілдерінен алынған санат, санам - әдемі, сұлу, яғни гүлдей әдемі сұлу, көркем.

ГҮЛСАРА - иран және араб тілдерінен - гүлдердің ең таңдаулысы, әдемісі яғни таза гүл, асыл гүл. Өзгеріскен түрі — Күлсара.

ГҮЛСИПАТ - иран және араб тілдерінен - гүлдей әдемі, көркем, сұлу.

ГҮЛШАР - иран тілінен алынған шар + араб тілінен алынған шарх - шығыс, яғни Шығыс гүлі деп қойылған есім. Өзгеріскен түрі — Күлшар.

ГҮЛШАРА - иран тілінен алынған шара - бет, жүз, шырай, ең, түс, келбет, яғни сұлу келбетті, шырайлы. Өзгеріскен түрі — Күлшара.

ГҮЛШАРУАН - гүл + шаруан, шахрбану — қаланын сұлу бикеші.

ГҮЛШАТ - иран тілінен алынған - шаттық, қуаныш гүлі.

ГҮЛШАШ - (қараңыз: Сұлушаш).

Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру